Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зимбабве ұлттық валютасынан бас тартты

Зимбабве ұлттық валютасынан бас тартты

Зимбабве Республикасы ұлттық валюталарынан бас тартып, АҚШ долларымен есеп-айырысатын болды. 15 маусымнан бастап қыркүйекке дейін халық жергілікті ақшаны долларға айырбастылуы тиіс.

Ұлттық валютадан бас тартуға басты себеп – инфляцияның шегіне жетуі. Мысалы, 2008 жылы елдегі инфлицияның ең жоғары шегі 231 000 000% болған еді. Әлем тарихындағы ең жоғары гиперинфляциядан кейін, халық ақшаны қаппен тасуға мәжбүр болғандықтан, айналымға 100 трлн зимбабвелік доллар шығарылған еді. Бұл - адамзат тарихындағы номиналды құны ең жоғары банкнота. Алайда, бұл 100 трлн-ға 1 апталық жолақы билетін сатып алу мүмкін емес еді. 2009 жылы жергілікті валютаның орнын АҚШ доллары мен оңтүстік африкалық рэнд басқан еді. Бірақ, жергілікті валюта түбегейлі айналымнан шығарылмаған. Бұлармен қатар елде қытай юаны, жапон иені, индийлық рупии мен австралиялық доллар да қолданысқа енгізілген еді. Жаңа өзгерістен соң халық ақшаларын долларға жаппай ауыстыруға кіріскен. Бағам бойынша 35 квадриллион зимбабвелік доллар 1 АҚШ долларына тең.

Похожие материалы