Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әзірбайжан банкіндегі қарызды қайтару шарасы күзде аяқталады

Әзірбайжан банкіндегі қарызды қайтару шарасы күзде аяқталады

Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz - Әзірбайжан Халықаралық банкінің активіндегі зейнетақы облигацияларын қайтару жұмыстары қыркүйекте аяқталады. Бұл туралы қор басшылығы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Аталған банкке құйылған 250 млн доллар Әзербайжанның мемлекеттік бағалы қағаздарына айырбасталады. Ал оның қайтару мерзімі 15 жыл, ал мөлшерлемесі 3,5 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта үкімет те, Ұлттық банк те бұл бастаманы қолдап отыр. Ал келісімшарт әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, Нұрбүбі Наурызбаеваның айтуынша, қазір қордың 21 эмитентінің жалпы қарызы 40 млрд теңгеге жеткен.

«2014 жылдан бастап берешектің 1 млрд 600 млн теңгені қаражат есебінде келді. 2 эмитент реабилитация процедурасында. 13 эмитентке сот шешімі қабылданған. 5 эмитент банкрот болған», - деп атап өтті «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева.

Похожие материалы