Рубль бағамын қалыпқа келтіруге қатысты ашық пікірталас жүргізілуде – Ұлттық Банк

Нұр-Сұлтан. 1 шілде. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық Банкі рубльмен тепе-теңдікке ықпал ету үшін теңге бағамымен айла-шарғы жасауды болдырмайды. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.

«Валюталық саясат аясында Ұлттық Банк құбылмалы айырбас бағамы саясатын ұстанады. Бұл теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды және онымен қатар елдің алтын-валюта резервтерін сақтайды. Сондықтан рубльмен немесе кез келген басқа валютамен паритетке әсер ету мақсатында ұлттық валютаның айырбас бағамы бойынша кез келген амалдар жасауға жол берілмейді», – делінген хабарламада.

Реттеушінің хабарлауынша, теңгенің Ресей рубліне қатысты айырбас бағамы тікелей қалыптаспайды, ол теңге мен рубльдің долларға қатысты бағамына қарай жекелей қалыптасады.

«Теңге/рубль нарығы дербес қалыптастыру үшін жеткілікті түрде терең және өтімді емес, бұл РФ мен ҚР арасындағы сауда теңгерімсіздігіне, сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылардың өз өнімдерін Ресей Федерациясына теңгеге сатпауына байланысты. Ресейлік экспорттаушылардан айырмашылығы – ресейлік рубльге сататын ресейлік экспорттаушыларға қарағанда, Ресей Федерациясындағы теңгеге деген сұраныстың төмендігі осымен байланысты», – делінген хабарлмада.

Ұлттық Банк хабарлауынша, маусым бойы рубльдің барлық валюталарға, бірінші кезекте АҚШ долларына қатысты айтарлықтай нығайды.

«Осындай айтарлықтай нығаю РФ-да енгізілген капитал қозғалысын бақылау шаралары, энергия ресурстарын қоса алғанда, негізгі экспорттық тауарлардың жоғары бағалары аясында, импорттың айтарлықтай қысқаруымен бірге орын алды. Бұрын енгізілген валюталық шектеулердің айтарлықтай жеңілдеуіне қарамастан, Ресей рублі мұнай мен газдың жоғары бағасы мен импорттың төмен көлемі аясында нығаюын жалғастырды. Бұл тиісінше теңге/рубль бағамының рубль үшін ең төменгі тарихи көрсеткіш –  9-9,1 теңгеге дейін әлсіреуіне әкелді», – деп түсіндірді ҰБ-да.

Сондай-ақ Ресейде рубль бағамын қалыпқа келтіру шараларына қатысты ашық пікірталас жүріп жатыр. Бұл ретте тікелей шараларды қабылдау РФ-ға қарсы енгізілген санкциялармен қиындап тұр.