Құрылыс индустриясында жаңадан 179 өндіріс іске қосылды

571
Құрылыс индустриясында жаңадан 179 өндіріс іске қосылды

Құрылыс индустриясы саласы мен құрылыс материалдар өндірісінің алғашқы бес жылдығында 179 жаңа өндіріс орны пайдалануға беріліп, 12 мыңнан артық жұмыс орындары ашылды (2010 жылы — 27 жоба, 2011 жылы — 39 жоба, 2012 жылы — 36 жоба, 2013 жылы — 40 жоба, 2014 жылы — 37 жоба).

Жүзеге асырылған ірі жобалардың ішінде:
— 5 цемент зауыты («құрғақ әдіспен» өндіру), жалпы қуаты — 4.7 млн тонна («Казахцемент» ЖШС, «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС, «СтандартЦемент» АҚ, «Каспий цемент» ЖШС, «ACIG» ЖШС). Сонымен қатар, жаңа «Карцемент» АҚ (Қарағанды облысы) технологиялық желісі;
— 13 үй құрылысы комбинаты, жалпы қуаты 1 142,0 мың кв.
— Степногорсктегі канализация мен газ тарату үшін өндіретін полимерлі құбырлар зауыты, қуаты — 20 мың тоннадан артық.

Одан бөлек, есептік кезең бойынша Қазақстанда бұрын-соңды өндірілмеген жаңа құрылыс материалдарын шығару бір жолға қойылды. Индустриализациялау картасы аясында ашылған өндіріс орындарының  қосқан үлесі 2014 жылы 114,5 млрд теңгені құрады. Олардың өндірген өнімдері жалпы өндіріс көлемінің 27%-ын алды.

Бес жыл ішінде цемент өндірісі 68%-ға (2010 жылы 4,7 млн тонна болса, 2014 жылы 7,9 млн тонна) өсті. Бетоннан жасалатын өнімдер 6,8 есе көбейді (900 мың тоннадан, 6,2 млн тоннаға).  Жылу оқшаулау материалдарының өндірісі 2,5 есе (24,4 мың тоннадан 60,4 мың тоннаға), пластмасса құбырлары өндіріс 1,3 есеге (85,2 мың тоннадан 113,1 мың тоннаға) артты.