S&P «Еуразия» СК рейтингін растады

S&P
Фото: nb.kz

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz — 2019 жылдың 12 маусымында S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі 2018 жылдың қараша айындағы «Еуразия «сақтандыру компаниясы» АҚ-ның кредиттік рейтингін «BBB –» деңгейінде тұрақты болжаммен және ұлттық рейтингтік шкала бойынша «kzAAA»деңгейінде растағаны туралы хабарлады.

Осылайша, турбуленттілік кезеңіне, сыртқы жағдайлардың өзгеруімен және халықаралық сақтандыру нарығында жоғары бәсекелестікке қарамастан, «Еуразия» сақтандыру компаниясы Қазақстан Республикасында да, шетелде де өз позицияларын нығайтады.

Бүгінгі таңда «Еуразия» рейтингі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тәуелсіз рейтингтері деңгейінде, банктерді қоса алғанда, елдің барлық жеке қаржы институттарының арасында ең жоғары позицияда тұр.