Қытайлық Winta компаниясы Қазақстанда инвестициялық қор құруды ұсынды

254
Winta
http://invest.gov.kz/

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz — Кеше Астанада «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен қытайлық «Winta Investment Group» компаниясының вице-президенті Тянь Джиюаньның кездесуі барысында ҚР инвестициялық қор құру мүмкіндігі талқыланды деп хабарлайды «Kazakh Invest» баспасөз қызметі.

Бұл мәселе бұған дейін «Kazakh Invest-тің» Бейжің қаласындағы өкілдігімен алдын-ала келіссөздер барысында қарастырылған еді.

Бұдан бөлек, «Winta Investment Group» компаниясы Қазақстанның аумағында өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныстар дайындады. Олардың қатарында – әрлеу тастары өндірісі, оның ішінде, кен орнын әзірлеуді және дайын өнімді шетелге экспорттау бар, сонымен қатар индустриалды парктердің құрылысын салу және т.б. Әрбір жоба бойынша жеке әлеуетті серіктестер, мемлекеттік қолдау шаралары және ресурстық базалар ұсынылды.

«Kazakh Invest» тарапынан Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға атсалысу мүмкіндігін қарастыру, сонымен бірге бірқатар перспективалы инвестициялық жобалар ұсынылды, олардың бірі — Алматы маңында ірі тақырыптық саябақтың құрылысын салу бойынша жоба.

«Winta Investment Group» компаниясының жобаларға салған инвестицияларының жалпы көлемі 6,2 млрд АҚШ долларын құрайды. «WINTA Investment Group Co., Ltd құрамына банктік қызметпен, қаржылық инвестицияларды басқарумен, өнеркәсіптік жобаларға инвестиция салумен, жылжымайтын мүліктің құрылысын салумен, құрылыс материалдарын өндірумен, саудамен айналысатын Қытайдың 30 компаниясы кіреді.