Саяси мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 5 есе өсуі тиіс

жалақысы
Фото: bnews.kz

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту бойынша өз пікірін айтты.

«Бізде мемлекеттік қызметкерлерге қатысты шамадан тыс қадағалау прессингі бар. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 2 есеге, саяси қызметкерлердің жалақысы 5 есеге өсуі тиіс. Мемлекет өзінің мемлекеттік қызметкерлеріне деген сенімін арттыруы тиіс. Бұл ретте шенеуніктердің саны 98 мың адамды құрайды, оны 65 мыңға дейін төмендетуге болады. 2011 жылы 65 мың болды — сол жұмысты істеді!»- деді ол Дүниежүзілік банкпен қоғамдық диалогтан кейін.

Олжас Құдайбергенов журналистерге зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының құрамынан шығуы туралы түсініктеме берді.

«Кез келген жағдайда ЕХӘҚМ-мен одан әрі байланыс жасап, сөйлесіп, бірінші кезеңде ең болмағанда 500-700 мың адамның қол жеткізуін (тұрғын үй, білім алу немесе емделу үшін жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін алу) қамтамасыз етеміз. Менің мәлімдемемнен кейін Еңбек министрі бұл нұсқа қарастырылып жатқандығын растады. Екінші нұсқа, зейнетақы реформасы толықтай жүзеге асырылған кезде тұрғын үй-зейнетақы жүйесінің интеграциясы өтеді — онда бәрі қолжетімді болады», — деді ол.

Бұған дейін вице-премьер Бердібек Сапарбаев 102 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге, білім алуға немесе емделуге пайдалана алады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану үшін жеткілікті сома шамамен 10-12 млн теңгеге дейін жетуі керек. Бұл ретте БЖЗҚ салымшыларының жартысына жуығында тек 1 млн теңге шамасында қаржы жинақталған.