Сайлау күні интернет байланысы нашарлап кетті

интернет
Фото: dpchas.com.ua

Алматы. 9 маусым. 7kun.kz – Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан мен Алматыда сайлау күні ұялы байланыс пен интернет іркіліспен жұмыс істеп тұр.

Журналистердің айтуынша, интернет дауыс беру барысы туралы БАҚ үшін брифингтер өтіп жатқан Қазақстан ОСК-да іркіліспен жұмыс істеп тұр, сонымен қатар, байланыс проблемалары Нұр-Сұлтанның ескі орталығында, оң жағалауда байқалады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін журналистер Facebook пен Telegram мессенджеріне қол жеткізу қиындаған.

Алматыда қала орталығында байланыс ұстамай тұр.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев журналистердің байланыстың бұғатталуы туралы сұрақтарына жауап бере отырып, хабардар емес екенін айтты.

«Мен білмеймін, таңертең қарағанда байланыс қалыпты болатын. Мен ештеңе деп жауап бере алмаймын. Бізде бұл мәселемен кім айналысады? Ақпарат және байланыс министрлігі», — деді Дембаев.