Салымшылардың зейнетақы жинағы 9,6 млрд теңгеден асты

31
зейнетақы
Фото: express-k.kz

Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz — Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2019 жылғы қаңтар-наурызда 262,3 млрд теңгеге немесе 2,8%-ға артып, 1 сәуірдегі жағдай бойынша 9 640,0 млрд теңгені құрады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Есептік кезеңде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» пайда 3 788,9 млрд теңге болды. Табыс 2019 жылдың І тоқсанында 96,9 млрд теңгеге өсті.

Бұдан басқа, міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны ағымдағы жылдың 1 сәуірінде 9,9 млн шотты құрады.

Сондай-ақ, 2019 жылғы қаңтар-наурызда зейнетақы төлемдерінің сомасы 54,4 млрд теңгеге тең.

«2019 жылғы 1 сәуірде БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін бұрынғысынша ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары алады (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 40,6% және 29,6%)», — делінген хабарламада.