Samsung 11 ақпанда жаңа Galaxy-ді таныстырады

70

Кеше Samsung 11 ақпан күні дәстүрлі Unpacked таныстырылымы кезінде жаңа Galaxy смартфондарын жұртшылыққа ұсынатынын хабарлады.

TechCrunch мен 9to5Google журналистері камерасы төртбұрышты Galaxy S11 (басқа аты — Galaxy S20) мен жиналмалы Galaxy Fold 2 смартфонын таныстырады деп жазуда. Олардың жазуынша соңғысы кітап түрінде емес, классикалық ашылып-жабылатын болуы мүмкін.

Таныстырылым Сан-Францискода Мәскеу уақытымен 22.00-де өтеді.