Volkswagen рөлсіз электрлі робокөліктердің жобасын көрсетті

рөлсіз
Фото: Volkswagen Motor

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz — Немістің концерні I.D. тұжырымдамасы аясында құрастырылатын электронды седанның қандай болатынын көрсетті. Компания 2020 жылы шығатын рокомобильдің алғашқы суреттерін жариялады, деп мәлімдеді Electrek.

Неміс концерні жаңа модель туралы көп айтқан жоқ. Суреттерден өзге, компания көліктің электрлі екі қозғалтқышқа ие және батареясы 111 кВт/сағ, қуаты 225 кВт болатынын айтты. Уәдеге сәйкес, оның қоры 180 км/сағ жылдамдықпен 665 км еңсеру үшін жеткілікті болуы керек.

Қорды көбейту, тежеу кезінде энергияны қайтадан қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.

Бұл седанда техникалық сипаттамалар аса маңызды емес.

Маңыздысы оның дизайны, құрылғының интерьері және жолаушылармен өзара әрекеттесу жолдары. Дизайнерлік тұрғыдан көлік рөлсіз жобаланған. I.D. седанында тек рөл ғана жоқ емес.

Сонымен қатар, көлікте әдеттегі басқару элементтері де алынып тасталған: ешқандай түймелер де, экрандар да жоқ. VW есептеуінше, роботты автокөліктің жолаушылармен өзара әрекеттесуі дауыс интерфейсі арқылы жүзеге асырылады.

Компания 2030 жылға дейін электр көліктің 300 жаңа үлгісін шығарып,  84  млрд долларға электротранспортты инвестициялауға  уәде берді.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!