Samsung қызметкерлерінің жалақысын өсіруді тоқтатады

417
Samsung қызметкерлерінің жалақысын өсіруді тоқтатады

Биыл Samsung Electronics кіріс азайғандықтан шығындарды қысқарту мақсатымен 2009 жылдан бері бірінші рет қызметкерлерінің жалақысын өсіруді тоқтатады.  Бұл туралы 26 ақпан күні Samsung таратқан хабарлада айтылды.

Өсімді тоқтату тек жалақыға қатысты. Ал, бонустар мен сыйақылардың басқа түрлері тоқтатылмайды. Бұған дейін хабарланғандай Samsung-тің көптеген топ-менеджерлері 2014 жылдың шілде айында  компания табысының төмендігіне байланысты бонустарын 25%-ға азайтуға келіскен. Мысалы ІТ және ұялы өнімдер құрылымынң басшысы Cин Чон Кён өткен жылдың 3-ші тоқсаны үшін $626 мың алған. Бұл 2 тоқсандағы  $1,5 млн. сыйақымен салыстырғанда едәуір аз.