Samsung жиналмалы Galaxy Fold шығарылымын кейінге қалдырды

155
Samsung
Фото: Dev.by

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz — Samsung Electronics компаниясы дисплейдегі проблемаларды зерттеу үшін жиналмалы экраны бар Galaxy Fold жаңа смартфондарын іске қосуды кейінге қалдырды, деп хабарлады компанияда.

«Пікірлерді толығымен сараптау және қосымша сынақтар жүргізу үшін Galaxy Fold шығаруды кейінге қалдыруды шештік. Біз алдағы аптада шығару күнін жариялауды жоспарлап отырмыз», — делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ, Samsung компаниясы құрылғыны тексерген пайдаланушылар экрандағы кейбір мәселелер туралы хабарлағанын атап өтті.

«Тексерудің бастапқы нәтижелері экрандағы проблемалар жоғарғы және төменгі аумақтарға (экран — ред.) иілу әсерімен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетті. Сондай-ақ, құрылғының ішінде табылған заттар дисплейдің жұмыс сипаттамасына әсер еткен жағдай анықталды», — деді компанияда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Galaxy Fold смартфоны алғашқы күннен жарамсыз болғаны хабарланды.