«Самұрық-Қазына» Air Astana-дағы үлесінің бір бөлігін сатпақ

496
Фото:newskaz.ru

«Самұрық-Қазына» қоры Air Astana әуекомпаниясындағы үлесін сатпақшы. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның активтерін оңтайландыру бойынша атқарушы директоры Берік Бейсенғалиев мәлімдеді. 

«Біздің мәліметтеріміз бойынша, қазір BAE Systems өз үлесін сатуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл салада белгілі бір халықаралық міндетеммелер бар, «Самұрық-Қазынаның» бақылау пакетін иеленуі міндетті емес. Сондықтан қор өзі үлесінің бір бөлігі сатады және оны қазақстандық компания сатып алуы мүмкін. Сонда компаниядағы қазақстандық жақтың үлесі де, халықаралық міндеттемелер де сақталып қалады. Міндетті түрде бұл мәселенің барлығын тағы бір нақтылап шығу қажет, бірақ жалпы жоспар осындай», -деді Берік Бейсенғалиев.

Дегенмен ол сатылатын үлес көлемін нақтылаған жоқ. «Орташа есеппен оның шамасы 25% деңгейінде. Сәл жоғары немесе сәл төмен болуы мүмкін. Нақты үлес қанша болатындығы кейінірек бекітеміз», -деп атап өтті ол.

Осыған дейін Қазақстан үкімет 2016-2020 жылдарда жекешелендірілуі қажет объектілердің тізімін бекіткен еді. Тізім бойынша IPO-ға «Қазақстан темір жолы», «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Энерго», «Қазпошта», «Эйр Астана» сияқты және басқа да ұлттық компаниядар шығарылады.