Алматы. 1 қазан. 7kun.kz - "Самұрық-Қазына" АҚ жыл соңына дейін "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ 50% акциясын "ИнтерРАО" АҚ-дан сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару дирекциясының басқарушы директоры, жетекшісі Алмасадам Сәтқалиев.
"Бүгінгі таңда біз қаржы институттары, жоба кредиторлары тарапынан рұқсат беру туралы келісім алдық. Мен әзірге жариялағым келмейді (мәміле құны туралы). Жақын арада, осы мәмілені аяқтағаннан кейін ресми хабарлама жасалалады. Біздің жоспарларымыз бойынша жыл соңына дейін мәміле жабылады. 50% үлесін біз Интерраодан сатып аламыз", - деді ол.
Айта кетейік, мәміле нәтижесінде "Самұрық-Қазына" станцияның 100% акциясын иеленетін болады.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





