«Самұрық-Қазына» қорының 2019 жылғы таза табысы 1, 2 млрд доллардан асты

125
Самұрық-Қазына
Фото: sk.kz

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz — 2019 жыл қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобы бойынша 922 млрд теңге көлемінде операциялық пайда (NOPLAT) алынды, бұл жоспарлы көрсеткіштен 20,5%-ға немесе 157 млрд теңгеге артық. Таза табыс 1 256 млрд теңгені құрады, бұл жоспардан 38%-ға көп, деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қор тобына кіретін көптеген компаниялардың есеп беру қорытындылары бойынша 2019 жылғы жұмысына оң баға берді.

Қор тобының борыштық жүктемесі 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 1 трлн теңгеге төмендеді, ал сыртқы қарыз 5,1 млрд АҚШ долларына қысқарған.

Ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша акционерге түсетін дивидендтер саны 189 млрд теңгені құрады.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша Қор компаниялары тобынан бюджетке түскен түсім 1,2 трлн теңгеден астам немесе елдің жиынтық бюджетіне түсетін түсімнің 10%-ын құрайды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Эйр Астана» АҚ жолаушылар тасымалы 2018 жылмен салыстырғанда 17%-ға өсті. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ таза кірісі 39%-ға өсті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ операциялық кірісі 2018 жылмен салыстырғанда 35%-ға артты.