Сарапшы: Биткоинға қарағанда алтын тиімді

656
он
Фото: bitcoin.com

Алматы. 20 қазан. 7kun.kz — Goldman Sachs сарапшылары Джеффри Кэрри және Майкл Хайндс криптовалюта мен алтынды салыстыра отырып өз бағасын берді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Олардың пікірінше, алтын – ертеден құндылығын жоғалтқан жоқ. Бағалы металдар қазіргі инвесторлар үшін жаңа валюта бірлігіне қарамастан маңызды рөл атқарады.

Мамандардың айтуынша, нарықтағы тұрақсыздық әсерінен қысқа мерзімде табысқа жету құралы ретінде алтынға сұраныс артты. Дамушы нарықтардың сұранысынан алтынның қымбаттауы ұзаққа созылады. Мысалы, алтынға қажеттіліктен Қытай нарығындағы кіріс деңгейі өсті.

Сарапшылар алтынның биткоиннан (Bitcoin) тиімді екендігін үш критерий бойынша түсіндірді:

  • Ұзақ мерзімділік;
  • Ішкі құндылығы;
  • Жобалауға қабілеттілігі.

Биткоин мына жағдайда қолайлы: алтын құймасын тасымалдау кезінде едәуір шығын кетеді. Оның салмағы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кей елдерде импорттық баждар қиындық тудырады. Ал, биткоинды тез әрі арзанға жеткізуге болады.

«Алтын бағасы биткоин курсына қарағанда құбылмалы. Курс бір минут ішінде өзгеріп кетуі мүмкін. Сонымен қатар, көбіне алтын мөлшеріне шектеу болады», — дейді сарапшылар.

«Бәрі-бір алтын жеңеді, өйткені криптовалютны желі арқылы онлайн-әмияннан бұзып алуға болады», -деген қорытындыға келеді сарапшылар.

Жыл басынан бері биткоин – 600 пайызға алтын бағасы – 12 пайызға қымбаттады.

Мейірім Бақытжанова