Ең белсенді сатып алушылар алматылықтар

525
Ең белсенді сатып алушылар алматылықтар.....

Бөлшек сауданың жалпы тіркелген көлемінің 32%-ы Алматы қаласына тиесілі. Осы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша, адам басына шаққанда Алматы қаласының бір тұрғыны орта есеппен 46, 6 мың теңгеге сауда жасайды екен. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда, 4,4, мың теңгеге көп. Касса арқылы жасалатын бөлшек сауданың айналымы 446 млрд теңгені құрады. Жылдық өсім 12,4% деп хабарлайды ranking.kz.

Шамамен, бөлшек сауданың тіркелген көлемінің 32%-ы Алматы қаласына тиесілі. Яғни, 141, 3 млрд теңге. Ал, Астана қаласында 10,3% – 45,9 млрд теңге.
Сауда өсімі көбірек байқалатын аймақ – Маңғыстау облысы. Көрсеткіші – бір жылда 17,6%  (2015-2014 жыл, қаңтар), 9 млрд теңгеге дейін. Одан кейінгі орындарда – Солтүстік Қазақстан облысы, 15,8%, 9,6 млрд теңгеге дейін. Астана қаласының көрсеткіші 15,5%-ды құрады.
Мегаполистердің сауда кәсіпорындарының аймақтардың оқ бойы озық тұруының себеі кассалармен жабдықталуында. Халық тығыз орналасқан аймақтардың өзінен сауда чектерінде азғантай соманы  көре аламыз. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында қалалық бір тұрғын үшін орташа сома – 18, 9 мың теңге екендігін анықталды.

Ақпарат көзі: kapital.kz