Сауд Арабиясының қор биржасы ІРО-ға дайындықты бастады

Фото: rosbalt.ru

Сауд Арабиясының ең ірі Tadawul қор биржасы 2018 жылға жоспарланған ІРО-ны (акцияларды сату үшін көпшілікке бастапқы ұсыну) ұйымдастыратын банктерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Финмаркет».

Bloomberg агенттігінің мәліметіне сәйкес, қор биржасы ІРО-ны ұйымдастыратын банктерден ұсыныстар наурыз айының соңына дейін болады деп жоспарлауда.

Айта кетейік, Tadawul биржасының капиталдандырылуы соңғы 12 айда 30%-ға қысқарып, 397 млрд долларға азайған.