Саясаттанушы Айдос Сарым жер реформасы бойынша редакция құруды ұсынды

Фото: matritca.kz

Қазақстандық саясаттанушы Айдос Сарым жер реформасы бойынша Комиссияның алғашқы отырысында барлық пікірлерді ескере отырып, бірыңғай құжат әзірлеу үшін арнайы редакция құруды ұсынды, деп хабарлайды премер-министр сайты.

«Мен барлық тараптардың пікірлерін ескеретін құжаттар әзірлейтін редакция құруды ұсынамын. Бұл редакция бір пәтуаға келуі тиіс екенін анықтаймыз. Егер осы редакция құжаттарды әзірлесе, онда бізде соған дауыс беруге мүмкіндік болады. Кезінде осындай комиссия құрылды, ол 3 ай бойы «күресіп», нәтижесінде біз сапалы құжатқа қол жеткіздік. Доктринаны Елбасы да, үкімет те мақұлдады», — деді саясаттанушы.

Премьер-Министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев барлық ұсыныстар міндетті түрде қаралатынын айтып өтті.