Сбербанк 4 млрд-тан астам теңгеге кәсіпкерлерді қаржыландырған

11
теңгеге
Фото: stins-kredit.ru

Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz – «Сбербанк» АҚ ЕБ — Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жалпы сомасы 4 млрд 124 млн теңгеге 314 кәсіпкерді қаржыландырды.

140 жоба бойынша қамтамасыз ету ретінде жалпы сомасы 874 млн теңгеден асатын кепілдікер алынды.

Сбербанк бұл мемлекеттік бағдарламаға оны іске асыру басталған сәттен бастап белсенді қатысуда.  2017 жылы Бағдарламаның алғашқы траншы аясында Сбербанкке түгелдей дерлік игерілген 4,260 млрд теңге бөлінді.

Осы жылдың тамызында 2,511 млрд теңге сомасында алынған жаңа транш аясында Сбербанк 85,7 млн теңге сомаға 8 заемшыны қаржыландырды.

Өңдеуші өнеркәсіп, сауда және көлік сияқты салалар белсенді қаржыландырылуда.

«Start up жобаларды қолдауды көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы — бұл жаңадан бастап жүрген кәсіпкерге өзінің бизнесін ұйымдастырумен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін, мемлекеттік қолдаудың тартымды және әлеуметтік маңызды бағыты. Нәтижесінде:  кәсіпкерлер қаржыландыруға жеңілдетілген қолжетімділікке ие болады, аймақтар масштабында халықты жұмыспен қамту ынталандырылуда, бұл, жалпы алғанда, мемлекет экономикасының дамуына қолайлы әсер етеді», — дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов.