Сбербанк әуе билеттерін сататын Sberbank travel атты қызметін ашты

33
Фото: Sberbank.kz

«Сбербанк» АҚ ЕБ әуе билеттерін сатып алу бойынша Sberbank travel атты қызметін ашты. Ол ұшақ билеттерін іздеу және сатып алу процессін жеңіл, ыңғайлы әрі тиімді етуге арналған.

«Жаңа сервистің ашылуы күрделі кезеңге, яғни әлемнің авиация саласы коронавирус пандемиясы салдарынан зардап шегіп, әуе кемелерінің көп бөлігі жерде тұрған уақытқа сәйкес келді. Алайда бұл уақытша қиындықтар жақында аяқталып, қайтадан саяхаттау, жаңа қалалар мен елдерді тану мүмкіндігіне ие болатынымызға сенеміз. Жақында ғана Қазақстанда әуе қатынасы қайта басталды. Енді клиенттеріміздің саяхаттары Sberbank travel сайтынан билет сатып алудан басталады деп сенеміз», — дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ «Электронды коммерция» басқармасының директоры Илья Емельянов.  

Авиация қызметіндегі әлі де алынбаған шектеулерге байланысты қазір Sberbank travel-дің көмегімен Қазақстан бойынша ғана билет сатып алуға болады. Ал әлем бойынша сату жақын арада қосылады.

Сервистің тағы бір артықшылығы — тиімді бағалар, себебі билеттер барлық бағыттарға және кез келген әуе компаниясының рейстеріне қосымша сервистік төлемдерсіз сатылады.

Сервистік төлемдердің болмауымен қатар, клиенттер Сбербанктің ALL IN картасымен төлеген жағдайда әр сатып алудан  1,3% cashback алады.  Сондай-ақ, Visa Urban картасымен бөліп төлеуге билет сатып алуға болады.

Алдағы уақытта сервис арқылы темір жол билеттерін сатып алу мүмкіндігі қосылмақ.