Сбербанк «Банзай» жаттығу залдары желісін қаржыландырды

Банзай
Фото: Журнал ПЛАС

Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz — Сбербанк «Банзай» жаттығу залдары желісіне 70 миллион теңге көлемінде кредиттік желі ашты. Келісім бойынша пайыздық мөлшерлеме 14 пайызды құрайды. Оның жартысын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялайды.

«Белсенді өмір салты және спорт – бұл Сбербанктің корпоративтік мәдениетінің бір бөлігі. Біздің өзіміздің спорттық дәстүрлеріміз және спорттың әр түрі бойынша командаларымыз бар. Сондықтан біз осындай «Банзай» секілді құндылықтарды дәріптеуші компанияны серіктестеріміздің қатарынан көруге қуаныштымыз, — деп «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев атап көрсетті.
Танымал желілердің бірінің қосымша жаттығу залын ашуы — қазақстандықтардың барынша көбірек санын спортқа тартуға ықпал ететін тамаша бастама.

Тартылған қаражаттар Алматы қаласында жаңа жаттығу залын ашуға қажетті спорттық құрал-жабдықты сатып алу үшін жұмсалатын болады.

«Сбербанктің және «Даму» қорының қолдау жасауының арқасында атлеттердің бұдан да көп саны «Банзай» жайлы залдарына бара алады. Жаңа фитнес зал «Атакент-Mолл» ССО-да ашылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, адамның денсаулығы 10 пайыз көлемінде денсаулық сақтау жүйесіне және 50 пайыз көлемінде – адамның айналасында қалыптасқан өмір салтына байланысты болады. Сондықтан да біз бәсекелік бағалар бойынша спортпен айналысуға барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыламыз», — деді «Банзай» жаттығу залдары желісінің директоры Хаким Курмангалиев.