Sberbank CIB : 2015 жылы Қазақстандағы инфляция 5-6% болуы мүмкін

459

2015 жылы Қазақстандағы инфляция 5-6% болуы мүмкін деп жазылған Sberbank CIB бөлімшесі Sberbank Investment Research сараптамасында.

«Жыл басынан бері тұтынушылар бағасы 1,8 пайызға өсті және біз жаңа валюта режимі енгізілгеннен кейін инфляция өсе түседі деп ойламаймыз. Біздің болжамымызша, жыл соңында инфляция 5-6 пайыздық деңгейде қалуы керек», — деп жазылған сараптамада. Sberbank Investment Research мамандарының сөзінше, тамызда Қазақстандағы тұтынуы бағасы шілдемен салыстырғанда 0,3 пайызға өскен.

20 тамызда Ұлттық банк теңге курсын еркін айналымға жібергеніне қарамастан, азық-түлік бағаларының жыл сайынғы төмендеуі жалғасқан. Азық-түлік емес тауарлар тамызда 0,5 пайызға өсті.

Қазақстан Ұлттық банкі 2015 жылы инфляция 6-8 пайыздық дәлізде болады деген болжам жасады. 2014 жылы Қазақстандағы инфляция көлемі 7,4 пайызды құрады.