Сбербанк жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосты

348
Сбербанк
Фото: kn.kz

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz — Сбербанк құрылыс салушыларымен бірге жаңа «Үлестік қатысумен тұрғын үй кредиті» ипотекалық бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы «Сбербанк России» АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға 2017 жылдың 18 қыркүйегіндегі жолдаған баспасөз мәлімдемесінде хабарлады.

«Жаңа тұрғын үй бағдарламасының халықты қызықтыратын тұсы мынада, яғни құрылыс кезінде пәтерлердің бағасы 25 пайызға төмен болады, сәйкесінше клиенттерге кредиттік жүктеме де азырақ болады. Осы жылы ипотекалық кредит беру нарығы белсенді кезеңге өтті, пәтер сатып алуға сұраныс артқан. Сбербанк өз клиенттеріне соғылып жатқан нысаннан пәтер алу мүмкіндігін коммерциялық банктердің арасында алғаш болып ұсынып отыр», — дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасының орынбасары Алексей Акимов.

«Үлестік қатысумен тұрғын үй кредиті» бағдарламасынының шарттары:

Кредит мерзімі: клиенттің толық қаржылық сараптамасымен — 240 айға дейін, клиенттің жартылай қаржылық сараптамасымен — 180 айға дейін. Кредит мөлшерлемесі: пайыздық мөлшерлеме – 15.1 пайыз (Сыйақының жылдық төменгі мөлшерлемесі СЖТМ – 16,8 пайыз).

Айгүл Хожантаева