Сбербанк табысы 2,6 есе төмендеді

507

2015 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында Сбербанктің таза табысы 2,6 есе төмендеп, 48,8 млрд рубльге дейін жетті. Бұл туралы компанияның есебінде жазылған.

Өткен жылы Сбербанк 129,8 млрд рубль көлемінде пайда түсірген еді. «Табыстың азаюына Ресей Банкі мен клиенттердің қаржыларына пайыздық шығындардың көбеюі себеп болып отыр», — деп хабарлайды несие ұйымы.

2014 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда осы жылдың 4 айындағы операцялық шығындар 5,4 пайызға өскен. Олар персоналдың қажетіне кеткен шығындар есебінен көбейді. Сондай-ақ, банк қорына 104,1 млрд рубль аударылды (1 жыл бұрын -106 млрд рубль).

Сәуір айында Сбербанктегі физикалық тұлғалардың жинақ көлемі 1,9 пайыз немесе 164 млрд рубльге өсті. 1 мамырда жарияланған мәлімет бойынша, ресейліктер банкте 8,8 трлн рубль сақтайды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, ресейлік банктердің табысы 40,7 пайыз немесе 589 млрд рубльге дейін азайды. Негізгі себеп болашақта болуы мүмкін шығындарға байланысты банк қорларына жылдағыдан артық қаржы бөлінуінде болып отыр.

Ресейлік банк секторы АҚШ пен ЕО санкцияларына іліккен. Несие ұйымдары американдық және еуропалық қаржы нарығынан қаржы тарта алмайды. Қара тізімде Сбербанк, ВТБ, Газпромбанк, Внешэкономбанк, Россельхозбанк және Мәскеу Банкі бар.