Сбербанк VISA CAHSLESS SUMMIT-ке қатысты

59
Visa
Фото: 7kun.kz

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz –Алматыда Орталық Азияда қолма-қол ақшасыз экономиканың дамуына цифрландырудың ықпалына арналған VISA CAHSLESS SUMMIT in Central Asia өтті. Саммитке VISA төлем жүйесінің, мемлекеттік мекемелердің және екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысты.

Іс-шарада қаржы секторындағы сандық трансформация, қаржылық ашықтықтың маңыздылығы, сандық технологиялардағы инновациялар және сандық коммерция мен қаржылық қызметтердегі кедергілерді жою сияқты мәселелер талқыланды.

Саммит спикерлерінің бірі — «Сбербанк» АҚ ЕБ бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Жанаргүл Изимова Қазақстанның қаржы нарығында қолма-қол ақшасыз технологияларды және цифрландыруды дамыту бойынша өз пікірін айтты.

«Бүгінде клиент тек тауарды немесе қызметті ғана емес, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін функцияларды таңдайды және бұл біздің еліміздің қаржы нарығында қазір әрекет ететін бизнес-модельдерді өзгертеді. Сбербанк клиенттің «дауысына» қарсы келе отырып, өзінің жаңа сандық жобаларын таныстырады. Біз клиенттерімізге ыңғайлы, тиімді және қауіпсіз қолма-қол ақшасыз әлем құру үшін қызметтер мен сервистер құрудамыз», — деді
«Сбербанк» АҚ өкілі.

Саммит аясында инновациялық шешімдер көрмесі өтті. Қаржы компаниялары өздерінің жаңа сандық жобаларын ұсынып, инновациялық сервистерді енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Сбербанк VISA төлем карталарының желісін ұсынды: Аll in картасы және Mega және Lamoda кобрендинг карталары. Саммиттің бірінші бөлігінде эмбоссердің көмегімен Сбербанктің отыздан астам картасы шығарылды.