Сбербанк жаңа салымдар желісін іске қосты

59
салымдар
Фото: kapital.kz

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz – 2018 жылғы 1 қазаннан бастап «Сбербанк» АҚ ЕБ өз клиенттеріне жеке тұлғаларға арналған жаңа салымдар желісін ұсынады.

Арнайы ұсыныстар өз қорланымын сақтау және тиімді сыйақы мөлшерлемесі түрінде қосымша табыс алу, сондай-ақ кез келген уақытта және әлемнің кез келген жерінде қаражатты шотынан ішінара алу мүмкіндігіне ие болу маңызды болып табылатын тұлғаларға арналған.

Сбербанк қазанның басынан бастап жеке тұлғаларға арналған 11,6% дейін жоғарылатылған сыйақы мөлшерлемелері (ЖТСМ) бар «Сақтау», «Сақтау онлайн», «Басқару жаңа», «Басқару онлайн», «Толықтыру», «Толықтыру онлайн», «Танымал» және «Танымал онлайн» жаңа салымдарын қабылдауды бастады.

 «Сақтау» және «Сақтау онлайн» жаңа салымдары – бұл 3 айдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге қаражатты ұлттық валютада ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі бойынша орналастыруға мүмкіндік беретін жинақ ақша салымы. Салымдар салымның барлық мерзімі ішінде қосымша жарналарды қарастырады. Сыйақы мөлшерлемесі салым сомасына, орналастыру мерзіміне байланысты және 11% дейін құрайды. (ЖТСМ -11,6%).

«Басқару Онлайн» және «Басқару жаңа» салымдары қосымша жарналар, төмендетілмейтін қалдыққа дейін алу, айырбастау және ұзарту мүмкіндіктері бар орналастырудың икемді талаптарын ұсынады. Сыйақы мөлшерлемесі ұлттық валютада,төмендетілмейтін қалдық сомасына байланысты  8% дейін (ЖТСМ- 8,3%).

«Толықтыру» және «Толықтыру онлайн» салымдары барлық орналастыру мерзімі ішінде тұрақты ақша жинауға және жоғары сыйақы мөлшерлемесі бойынша табыс алуға мүдделі тұлғаларға арналған. Депозитті ашу сомасы (төмендетілмейтін қалдық сомасы болып табылады) — 3 000 теңгеден бастап. Орналастыру мерзімі – 6 айдан 3 жылға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі ұлттық валютада, төмендетілмейтін қалдық сомасына және мерзіміне байланысты  9,5% дейін (ЖТСМ- 9,9%).

«Танымал» және «Танымал онлайн» салымдары бойынша 1 айдан 15 айға дейін түрлі орналастыру мерзімдері қолжетімді болып табылады. Сыйақы мөлшерлемесі 10,5% дейін (ЖТСМ — 11,0%). Аталған салымдар бойынша қосымша жарналар мен ішінара алу қарастырылмаған.

Банк салымды «Сбербанк онлайн» жүйесінде ресімдеген барлық клиенттерге ұлттық валютада сыйақы мөлшерлемесіне қосымша +0,5% сыйлайды.