Сел көшкінінен зардап шеккендерге көмек мақсатында 2 миллиард теңге бөлінді

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — Бүгін таңертең қалалық мәслихатта Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалада төтенше жағдай режимі жарияланғанын және зардап шеккендерге көмек ретінде 2 млрд теңге бөлінгенін мәлім етті.

«Бұл сел тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында жасалып отыр. Төтенше жағдай аясында 2 млрд. теңге бөлінді», — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетелік, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзеніндегі су тасқынының көбеюі туралы ақпарат 03.00-те келіп түскен. Алматының Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандары сел салдарынан зардап шекті.