Семейде газбен жүретін автобустар құрастырыла бастады

770
Семейде газбен жүретін автобустар құрастырыла бастады

Еуро-5 стандарттарына сай келетін, экономикалық және экологиялық жағынан тиімді мұндай қоғамдық көліктер Қазақстанда тұңғыш рет құрастырыла бастады деп хабарланады «Қазақстан» телеарнасының сайтында.

Қазір мұндай автобустардың алғашқы легі Алматыға жіберілмек. Өзге өңірлерден де тапсырыс болып жатса зауыт ол сұранысты толығымен атқаруға қауқарлымыз,дейді.

Семей машина құрастыру зауыты осыған дейін «DAEWOO» маркалы автобустың 5 түрін шығарған. Қаладағы зауыт 2007 жылдан бері корейлік автобустарды жасап келеді.

Дизельмен жүретін көліктер отандық компаниялар арасында жоғары сұранысқа ие. Мамандар енді газбен жүретін моделіне де еліміздегі жолаушы тасымалдаушы мекемелер қызығушылығы артатындығына сенімді.