Сенат депутаттары Республика күнін қайтаруды қолдады

Астана. 22 қыркүйек. 7kun.kz – Сенат депутаттары Республика күнін қайтару туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында мемлекеттік мерекелер тізіміне өзгеріс енгізіледі. Оған сәйкес, 25 қазан ресми түрде ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленеді.

Ал 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау ұсынылды. Бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы бар өзге күндер секілді аталып өтеді. Сәйкесінше, қазақстандықтар 1 желтоқсанда демалмайды.

Сондай-ақ 28 қазанда ресми түрде демалыс болады. Республика бойынша мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Ал 16 желтоқсан еске алу күніне айналады.

Айта кетейік, 2009 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 25 қазан – Республика күні ресми мерекелер тізімінен шығарылған болатын.