Астана. 28 қараша. 7kun.kz – Сенат сайлауына үміткерлерді тіркеу 29 қарашадан басталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Кандидаттарды ұсыну мен тіркеу 29 қараша-14 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 24 желтоқсан мен 13 қаңтар аралығында жүргізіледі. 2023 жылғы 13 қаңтар – тыныштық күні, ал 14 қаңтар – дауыс беру күні. 20 қаңтарға дейін ОСК сайлау қорытындысын шығарады.
Сондай-ақ ОСК депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды айтты.
«Парламент депутаты болуы мүмкін тұлғалар:
Қазақстан Республикасының азаматы және елде кейінгі 10 жылда тұрақты тұрған;
30 жастан асқан;
жоғары білімі бар;
жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
тиісті өңір аумағында 3 жылдан кем емес тұрақты тұрған», – деді ОСК мүшесі Константин Петров.
Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған соттылығы бар адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық немесе құқық бұзудағы кінәсін сот мойындаған адам Парламент депутаттығына кандидат бола алмайтыны атап өтілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024