Үш айдың ішінде Астанада 5 мың пәтер салынды

1098
пәтер

Астана. 25 мамыр. 7kun.kz — Жыл сайын пайдалануға берілген тұрғын үй кешендерінің саны артуда, сондай-ақ құрылыс секторына бөлініп жатқан инвестиция көлемі де жоғары деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қ. Статистика департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 5413 пәтер пайдалануға берілген — жалпы көлемі 593965 шаршы метр, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанла 89,1%-ға жоғары көрсеткіш.

Жеке тұлғалар 22017 шаршы метрге үйлер салған. Жалпы тұрғын үйдің берілу көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі — 3,7%, 2014 жылдың қаңтар-сәуірінде бұл көрсеткіш 7,1% деңгейінде болған-тын.

2015 жылдың алғашқы үш айында тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 33994,4 млн теңге болды, бұл 2014 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 30,4%-ға артық. Негізгі капиталға құйылған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі — 23,9%.

Астанада 2015 жылдың қаңтар-сәуіріндегі тұрғын үйдің жалпы аумағының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 111,2 мың теңге болды, ал пайдалы аумақтың 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны — 153,7 мың теңге, соның ішінде жеке тұлғалармен салынғаны — 93,2 мың теңге.