Шөкеевтің «хит» болған шапаны сатылымда

Фото: shyndyq.kz

Түркістан. 29 мамыр. 7kun.kz – Мемлекеттік мүлік ресстрінде ерекше лот көзге түсті, деп хабарлайды 7kun.kz shyndyq.kz-ке сілтеме жасап.

Аты дардай бюджеттік мекеме 120 мың теңгеге шапан сатып жатыр.

Бұл неткен батпанқұйрық деп көз салсақ Шөкеев мырзаның Түркиялық қонақтан тартып алған шапанынан аумайды.

Өз көзіме өзім сенбей қайта-қайта қараймын. Әй, нақ сол шапан! Таң қалып, ұзақ ойландым. Хит болған шапанды неге сонша арзан бағалады екен бұлар?

Әлде әкім басына бәле болған киімнен осылай құтылғысы келді ме екен? Маған берсе бұл шапанды аукционға шығарып, ақшаға қарық болар ем…

Менің қателесуім мүмкін. Сіз қалай ойлайсыз? Бұл сол шапан ба?

(Айка Айтаханованың парақшасынан)