Шардарада жыл басынан бері 1,3 миллиард теңге болатын балық өнімі өндірілді

Шардара
Фото: otyrar.kz

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz — Шардара ауданы жыл басынан бері 1,3 млрд. теңге болатын 1300 тонна балық өңдеп, экспортқа жөнелткен. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ауданда жылына 5 мың тоннадан астам балық өнімін өндіруге қауқарлы 4 балық өңдеу зауыты бар. Бұл кәсіпорындар жыл басынан бері 1300 тонна балық өңдеп, 80 пайызын Ресей, Германия, Израиль, Грузия және Өзбекстан сынды елдерге экспорттаса, 20 пайызын ішкі нарыққа саудалаған.