Shell Арктиканы бұрғылауға келісім алды

465

АҚШ әкімшілігі ағылшын-голландиялық Shell компаниясына Арктикадан мұнай бен газ өндіруге алдын-ала рұқсат берді. Осы жылыдң жазында-ақ компания СОлтүстік мұзды мұхитта бұрғылау жұмыстарын бастап кете алады деп хабарлайды ВВС.

Бірнеше жыл бойы мұнай бен газдың үлкен қоры деп есептелген Бофорт пен Чукотск теңіздерінің жекелеген аймақтарында өндіріс бастай амлай жүрген компания үшін бұл үлкен жеңіс деуге де болады.

Алайда АҚШ экологтары Ақ үйдің мұндай қадамын сынап, Арктикада болуы мүмкін апаттың салдары жойқын болуы мүмкін деген пікір айтты.

2012 жылдың жазында Shell Арктиканы игеруге рұқсат алған болатын, алайда ол кезде компанияның бұрғылары қайраңдап қалған-ды.