Шетелдік инвесторлар ОҚО-да күн электр станциясын салады

309
ОҚО
Фото: kazpravda.kz

Шымкент. 15 қыркүйек. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысында қытайлық кәсіпкерлер қуаттылығы 100 мвт болатын күн электр стансасын салады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді, деп хабарлайды ОҚО баспасөз қызметі.

Бір жылдың 300 күні сәулелі болатын Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи климаттық жағдайды ескеріп отырған кәсіпкерлер аталған жобаға 200 млн АҚШ долларын жұмсайды.

«Қазан айында құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Станцияны іске қосып болғаннан соң, электромобильдерді құрастыру жұмыстарын бастайтын боламыз. Тоқпен жүретін мотоциклдердің құрал-жабдықтарын әзірге Қытайдан тасымалдап, осында құрастырамыз. Егер жоспарымыз сәтті іске асып жатса, жеңіл көлік пен қоғамдық көліктерді де осында құрастыру жоспарда бар», — деді «Джан Су Нью Энерджи Технолоджи» компаниясының өкілі Ге Дженсон.

Қытайлық кәсіпкерлер бұдан  бөлек электропанельдер де шығаратын болады.

Айгүл Хожантаева