Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан заңнамасын қанша рет бұзғаны белгілі болды

Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан заңнамасын қанша рет бұзғаны белгілі болды
Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz - Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінде «Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайды!» атты жыл сайын өткізілетін акцияны қорытындылады. Іс-шара 2017 жылы қазан айының 11-нен желтоқсан айының 31-не дейінгі аралықта өтті. Көлікті бақылау органдары 26 мың шетел автокөлік құралын тексерді. Нәтижесінде Қазақстан республикасының көлік заңнамасын бұзғаны және халықаралық келісімдерді сақтамағаны үшін 1950 шетелдік тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 439-ы рұқсаттама жүйесін бұзғандар. Бұл қатарда 195 ресейлік, 47 қырғыз, 40 литвалық, 30 украиналық, 29 польшалық, 28 түрік және 70 басқа тасымалдаушы бар. Жалпы, 2017 жылы халықаралық келісім нормаларын және ҚР көлік заңнамасын бұзған үшін 4649 шетел тасымалдаушысы жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде 1674 тасымалдаушыға рұқсаттама жүйесін бұзғандары үшін айыппұл салынды.

Похожие материалы