Шетелдіктер Қазақстан банктерінен қанша кредит алды?

кредит
7kun.kz

Алматы. 2 маусым. 7kun.kz — 2015 жылы Қазақстанның резидент емес тұрғындары отандық банктерден 1,71 млрд доллар қарыз алған.

Ұлттық банктің 2015 жылдың 1 қарашасындағы соңғы мәліметтері бойынша, қазақстандық банктер арқылы шетелдіктерге берілген кредит көлемі 1,71 млрд долларды құрады. Мерзімі өткен қарыз көлемі 133 млн доллардан асады.

Кредиттің көпшілігі доллар ($1,4 млрд), рубль «($52 млн) және еуромен ($9,9 млн) берілген.

1,42 млрд доллар несиені шетелдік заңды тұлғалар алған. Ал банктерге 145,2 млн, жеке тұлғаларға 6,8 млн доллар бөлінген.

2015 жылдың 9 айында берілген қарыздың ең көбі Ресей ($958,1 млн), Түркия ($226,2 млн) және Нидерландыға ($198,9 млн) тиесілі.

Ұлттық банктің төлем балансы туралы мәліметтерге сүйенсек, резидент емес тұлғалардың қарызы 2014 жылдың 30 қыркүйегінде 12,1 млрд доллардан асқан. Бұл кезде Ресейдің қарызы 3 млрд долларға жуықтаған. Сондай-ақ, қазақстандық банктерден Сейшел ($2,4 млрд) және Виргин аралдары (Англия) ($1,65 млрд), Гонконг ($24 млн) қарыз алды.

13340567_281790122208845_1917402372_o (1)