Швейцария мен Қазақстан бірлесіп туризмді дамытпақшы

Швейцария
Фото: geo.ru

Алматы. 23 қараша. 7kun.kz – Швейцария Қазақстандағы туризмді дамытпақшы. Бұл жөнінде Kazakh Tourism компаниясының басқарма басшысы Рашид Күзембаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2019 жылы Швейцария өкілдері елімізге келіп, ұлттық саябақтары мен таулы аймақтардағы жыл бойғы туризмді дамытуға атсалысады. Тау гидтері мен шаңғы нұсқаушыларын дайындау ісіне көмектеседі.

Жалпы, Швейцарияда туризм саласы қарқынды дамуда. 2017 жылы бұл елдің қонақ үйлерінде 98,1 млн турист демалған. Аталмыш саладан түскен табыс 51,3 млрд швейцариялық франкке тең. Ол фармацевтика, металл өндіру мен машина жасау, сағат жасау, қаржы саласынан кейінгі 5-орындағы индустрия саналады.