Швейцариялық компания жаңа «ақылды» сағат шығарады

630
Швейцариялық компания жаңа

LVMH Moet Hennessy Louis Vuitton-ға тиесілі швейцариялық сағат өндіруші TAG Heuer компаниясы  Intel Corp. және Google-мен бірігіп швейцариялық «ақылды» сағат жасауға кіріспекші деп хабарлайды компанияның баспасөз-қызметі.

 Жаңа сағаттар Intel микропроцессорларын пайдалану арқылы Швейцарияда құрастырылып, Android Wear от Google платформасында жұмыс істейді. Жаңа өнім 2015 жылдың төртінші тоқсанында жарыққа шығуы мүмкін.
«Біздің әріптестігіміз арқылы жобаға қатысушы компанияларға үлкен жетістіктерге жол ашылады», — деді TAG Heuer компаниясының басты атқарушы директоры Жан-Клод Бивер.
Research Strategy Analytics зерттеу компаниясының болжамы бойынша, 2015 жылы 28,1 млн «ақылды» сағат сатылады.