«Белогорская горная компания» ЖШС Шығыс Қазақстандағы Ұлан ауданы, Огневка ауылындағы тантал-қалайы өндіретін және байытатын фабриканы қалпына келтіруді жоспарлап отыр деп хабарлайды ШҚО әкімінің ақпарат орталығы.
Мәліметте көрсетілгендей, 2015-2017 жылдары жүзеге асырылады, құны — 920 млн теңге. Қаржы инвесторлар есебінен алынады.
Ауылдағы байытатын фабрика ондаған жылдар бұрын жұмыс істеген. Фабрика негізі және барлық технологиялық желі сақталған.
«Кәсіпорында техногенді минералды құрылымдарды, өнімді және тантал-қалайы рудасын қалпына келтіретін 200 адам қызмет атқарады», — делінген баспасөз баяндамасында.
Баяндамада инвесторлар өздерінің қаржылық әлеуетін растаған соң ғана жобаны жүзеге асыруға облыс басшылығынан келісім ала алады деп көрсетлген.