Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Шымкент. 7 қараша. 7kun.kz - Қазақстан республикасы президенті әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шымкент қаласының әкімі боп Нұрлан Сауранбаев тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 7 қарашада облыс әкімі Түймебаев Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалған Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевты қала активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Шымкент қаласы Елбасының назарындағы экономикасы мен құрылысы қарқын алған еліміздегі үшінші қала екенін айтқан аймақ басшысы қала әкіміне жаңа жұмысында жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. «Сіз кәсіби деңгейі жоғары, мемлекеттік қызметтің түрлі саласынан өткен тәжірибелі мамансыз, сондықтан да  Нұрлан Ермекұлы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етіп отырған бірқатар мәселелерге назар аударып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын  қамтамасыз етуді, қала бюджетінің кіріс бөлігін арттыруды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында инвесторлар тартуды, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтуды, қалаға жаңадан қосылған елді мекендердің инфрасртуктурасын дамыту бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын»,-деді Жансейіт Түймебаев.  Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда дүниеге келген, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі - экономист. Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласында «Еңбек» компаниясының бас директоры болып бастаған. Бұған дейін қала әкімі қызметін Ғабидоллар Әбдірахманов атқарған еді.

Похожие материалы