Шымкент аялдамаларын қалпына келтіру үшін 30 млн теңге бөлінді

Шымкент аялдамаларын қалпына келтіру үшін 30 млн теңге бөлінді

Шымкент қаласындағы аялдамаларды қалпына келтіру бюджеттен үшін 30 млн теңге бөлінді.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашалық бөлімінің басшысы Ерлан Есіркеповтың айтуынша, жалпы саны 29 аялдама қайта салынатын болады. Бүгінгі таңда оның 10-ын сүріп тастап, орнына жаңа аялдамалар сала бастады. «Аялдамаларда жарнамаға арналған қабырға, маршруттар бағыттаушылар орнатылып, алдаманың аты жазылатын болады. Қоқыс контейнерлері мен орындықтарды қоюды да қарастырып отырмыз», — дейді Ерлан Есіркепов.

Аялдамаларды қалпына келтіру барысында жолаушылар саны ескерілді. Қазір Шымкентте 1129 аялдама бар. Десе де, аумақтың кеңейтілуіне байланысты қалаға тағы 240 аялдама салынуы керек.