Шымкенттегі құны 50 млн доллар болатын зауыт биыл іске қосылады

зауыт
Фото: docplayer.ru

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Шымкент қаласындағы 50 млн доллардың металлургия зауытын іске қосу ІІІ тоқсанға ауыстырылды.

Қалалық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта кәсіпорында технологиялық жабдықтар орнатылған.

«Жабдықтарды жөндеу бойынша шетелдік мамандардың жетіспеушілігіне байланысты өндірісті іске қосу 2019 жылдың ІІІ тоқсанына ауыстырылды. Зауыт толық қуатқа шыққан кезде 500-ге жуық адам жұмыспен қамтылады», — деп түсіндірді ведомствода.

Зауыттың қуаттылығы жылына 500 мың тонна дайын өнімді құрайды. Дайын өнімнің шамамен 50%-ы ТМД елдеріне экспортталады деп жоспарлануда.