Өсімдік карантиніне қатысты заңнаманы бұзғандарға 11,3 млн теңге айыппұл салынды

карантин
Фото: .kmvl.ru

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz — Бұл туралы Үкіметте баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы вице-министі Арман Евниев айтып берді. 

Оның айтуынша, 2018 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан республикасының өсімдік карантині саласына қатысты заңнамасын бұзған 254 факті анықталған.

«Заңнаманы бұзған 254 факт анықталды, оның ішінде 9 факт бойынша карантиндік объектілер табылды 11,3 млн теңге сомасына айыппұлдар салынды»,-деді вице-министр.

Сондай-ақ, 2017 жылдың қазан айынан бастап Қырғызстан аумағынан карантинге жатқызылған 4,2 мың тонна өнім тасымалының жолы кесілген.