Өскеменде камералар көмегімен 5 мың құқық бұзушылық анықталды

566

Шығыс Қазақстан облыс орталығында жыл басынан бері Жедел бақылау орталығы камераларының көмегімен 5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Олардың ішінде жол ережесін бұзу, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, қала көшелерін ластау секілді құқық бұзушылық фактілері тіркелді.

Камералардың көмегімен 72 қылмыстың беті ашылды: 58 бұзақылық, 4 тонау, 1 ұрлық және өзге де тәртіп бұзу оқиғалары.

Мәселен, 16 шілде күні түнгі сағат 3-тердің шамасында Крылов көшесінің бойындағы аялдамада бұзақылар «Ваз 2106» көлігін айдап әкетуге тырысқан. Видеобақылау жедел арада оларды анықтауға жәрдемдескен.

Сонымен бірге, видеокамералар көмегімен мас күйінде бір жігітті сабап тастаған 31 жасар Өскемен тұрғыны ұсталды. Жасаған бұзақылығы үшін ол қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Өскемен аумағында 37 стационарлы басқарылатын бақылау камералары бар: 45 сандық және 52 аналогтық. Олар қоғамдық орындарда, қалаға кірер және шығар жерлерде, аулаларда орнатылған.

Ақпарат көзі: 365info