Солтүстік Қазақстан облысына жаңа басшы тағайындалды

2048
Фото:VRK News

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz — Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков Солтүстік Қазақстан облысындағы  жұмыс сапары барысында облыс активімен кездесіп, өңірдің жаңа әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловты таныстырды.

Ақсақалов Құмар Іргебайұлы 1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы  В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын тәмамдаған.

Осыған дейін 2002-2004 жылдары Қостанай облысы Таран ауданының әкімі болды. 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы ретінде қызмет істеді.

2006-2010 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2010-2014 жылдары — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы.

2014-2015 жылдары- «Нұр Отан» партиясының хатшысы.