Солтүстік Қазақстанда екі тұз кені іске қосылуы мүмкін

Солтүстік
Фото: baomoi.com

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Өңірлік индустриялық-инновациялық даму басқармасы хабарлағандай биыл Уәлиханов ауданындағы «Жамантұз» кен орнының қорын бағалау аяқталады. Тұз қорының болжамды көлемі 15,5 млн тоннаны құрайды.

Сонымен қатар, Теке ауданындағы тағы бір кен орнында тұз қоры 42 млн тоннаға жетуі мүмкін. Оны да игеру жоспарлануда.

«Кен орындарын игеру және тұзды өңдеуді ұйымдастыруға қажетті бастапқы инвестиция көлемі 6 млн АҚШ долларын құрайды», — дейді өңірлік басқармада.

Өнімді ішкі және шетелдік нарықтарда, атап айтқанда Ресейге сату жоспарлануда.

Қазір аймақта «Жақсы тұз Петропавл» компаниясы Жақсытұз, Жамантұз кен орнында және Теке көлінде тұз шикізатын өндірумен айналысады. Жыл сайынғы өнім көлемі 12 мың тоннаны құрайды.