Sony Olympus-тегі акциялар пакетінің жартысын сатты

443
Sony Olympus-тегі акциялар пакетінің жартысын сатты

Sony Corp. Olympus Corporation компаниясындағы өзіне тиесілі 10%-дық акциялар пакетінің жартысын  JPMorgan Chase & Co банкіне сататындығын мәлімдеді. Сатылымнан түскен қаржы жаңа стратегиялық инвестициялар үшін жұмсалады деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Келісім-шарт бағасы жарияланған жоқ. Апта ортасында биржадағы баға белгілеу бойынша Olympus акцияларының құны 4420 иен деп бағаланды. Мамандардың есептеуінше, құнды қағаздардың 5 пайызы 76 млрд иенді (632 млн доллар) құрауы қажет.

Сатылымға дейін Sony Olympus-тың ең ірі акционерінің бірі болған еді. Ол компанияның акциялар пакетін 50 млрд иенге сатып алды.

«Дегенмен де Sony Olympus-пен жақсы қарым-қатынасын сақтап қалатындығына сенімді», -деп атап өтті оңтүстік кореялық компанияның өкілі Кодзи Курата.

Айта кетейік, Olympus — әлемдегі оптика, фототехника және эндоскоп өндіруші жапондық ең ірі компаниялардың бірі.